Жаңатұрмыста дәрігерлік амбулатория салынады

Oinet.kz 08-09-2022 318

Screenshot_23.png

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесуә туралы" Жарлығына сәйкес өткен жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жарықтандыру, таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету, асфальт жол салу, дәрігерлік емхана салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, жайылым жер мәселесі туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы тұрғындарға аудан аумағында инфрақұрылым деңгейін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, ағымдағы жылы Зор төбе елді мекеніндегі Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, Жібек жолы елді мекеніндегі О.Кемпреков көшесін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жаңатұрмыс елді мекенінде бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жеңімпаз мердігер мекеме анықталған соң құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың отбасылық дәрігерлік емхана салу, жайылым жер және каналды бетондау мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауыл әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтініштерді назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу