Халықтың талап-тілегі орындалуда

Oinet.kz 24-08-2022 323

Screenshot_16.png

Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесуі туралы" Жарлығына сәйкес кеше Сайрам аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде алдымен ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында елді мекен тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Осы мәселелердің орындалуы бақылауға алынған. 

 Атап айтқанда,  

1-ші мәселе: «Қарасу-Ақбай», «Ынтымақ» каналдарын бетондау мәселесі шұғыл қарастыру. Бұл мәселе бойынша “Қарасу - Ақбай” каналының  5 шақырым бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сметалық құны 576,0 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. 

Ал, Ынтымақ ауылына баратын “Бескепе” каналының 2,4 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге бюджеттен қаржы қарастыру үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды.

2-ші мәселе: Ақбай ауылының «Ардагерлер аллеясын» құрылысын жүргізу. Бұл мәселе бойынша Ақбай ауылында саябақ салу үшін 40 соттық жер ауыл округі әкімдігі тарапынан құжаттары рәсімделіп, құны 24,0 млн. теңгеге эскиздік жоба және жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. 2023 жылға қаржы қаралатын болады.

3-ші мәселе: Қарасу ауылының 106 га жер учаскесіне инфрақұрылым жүйелерін тарту. Аталған мәселе бойынша Қарасу ауылында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 106,2 гектар жер теліміне коммунициялық жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындылары алынған. Нысандардың жалпы сметалық құны 1 336 046,0 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтінім жолданылып, 2023 жылға іске асыру күтілуде.

4-ші мәселе: Жібек Жолы көшесінің бойына бейнебақылау камераларын орнату. Осы мәселе бойынша Аудан көлемінде жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жібек жолы даңғылына бейнекамералар орнатуға жыл басында облыстық полиция департаментіне 190,0 млн. теңгеге ұсыныс жолданған. Биылғы жылы Қарабұлақ ауылынан бастап қойылды. Қарасу ауылына бейнекамера орнату 2023 жылдың жоспарына енгізілді.

5-ші мәселе: Әйтеке би ауылына 14 гектар жер учаскесіне инфрақұрылым жүйелерін тарту. Аталған мәселе бойынша Әйтеке би ауылына қарасты Жаңақұрылыс аумағы 14 гектар жерге ауыз су құрылысын жүргізуге аудандық бюджеттен 36,0 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Элит Строй» ЖШС-і жүргізуде. 

6-шы мәселе: Ахмет Байтұрсынов көшесіне асфальт және электр бағаналарын жаңарту. Бұл мәселе бойынша аталған көшенің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Жобаның құны 103,0 миллион теңге есептелген. Аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады. Аталған нысан 2023 жылға өтпелі.

 Кездесуде ауыл биі тұрғындармен жүргізген жұмыстарына тоқталып, спорт нысанының құрылысын салу, электр жүйесіне қатысты оң шешімін қарастыруды сұранды.  

Сонан соң, жергілікті тұрғындардан ең көп көтерілген мәселенің ішінде Жаңақұрылыс аумағының тұрғындарын электр жарығы және ауыз сумен тұрақты қамту болды. Одан бөлек, балалардың жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жібек жолы көшесіне жол кедергілері мен бейнекамера  орнату, жоғары кернеулі трансформаторды ауыстыру, бюджет қаражаттарын мақсатты игеру, салаларда нақты жұмыстарды қолға алу және жауапкершілік таныту туралы бірнеше мәселелерді жеткізді. 

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың мәселелері бақылауға алынатынын, алдағы кездесулерінде нәтижесін баяндайтынын айтты. 

 Кездесу соңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, әкім орынбасарлары Хасанов Бахытбек  және Ш.Убайдуллаевтар қарасулықтарды жеке мәселелерімен қабылдап, ауыл әкімі және сала басшыларының құзырына кіретін мәселелерге заң аясында тиісті жауаптарын берді.  

«Мектепке жол—шекарасыз жақсылық» акциясы өтті
Құтарыста бірқатар мәселелер шешімін тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу