Тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұранды
Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша заңдылығын қарап, шешімін табуды сұранды. Кездесу барысында Көлкент ауылының тұрғыны М.Өмірзақов Ханқорған ауылындағы мәдениет үйінің жағдайы мен Арыс өзені жанындағы жайылым жерлер жөнінде сөз етті.
- «Ханқорған ауылындағы спорт зал, мәдениет үйі, кітапхана құрылысы» нысанына 1,7925 га жер телімі анықталған. Тиісті құжаттары дайындалып, аудан бюджетін нақтылау кезінде ұсыну жоспарлануда. Екінші мәселе бойынша 2022 жылы Арыс өзені бойындағы 126,8425 гектарға жуық жайылымдық жерлер қайтарылған. Қазіргі таңда мемлекетке қайтару бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Екінші кезекте Манкент ауылының тұрғындары А.Нишанбаев, Х.Ашуртаев, А.Махмудов жайылым жер, Аққала ауылындағы жол жөндеу, Аққала-Сарқырама бағытындағы жолаушыларды тасымалдау қызметіне көмек беруді сұранды.
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының бұзылуына байланысты табысталған жер учаскелері сот орнында қаралуда, мемлекет меншігіне қайтаруға ықпал ету мақсатында облыстық салалық басқармаға хат жолданылған. Одан бөлек, Аққала ауылындағы Абдураимов көшесін орта жөндеуден өткізу үшін жалпы құны 34593,863 мың теңгеге сметалық құжаттары дайындалып, ауданның бюджеттік комиссиясына ұсынылған. Аққала (Сайрам ауданы)-Сарқырама (Төлеби ауданы) бағыты ауданаралық бағытқа жатады. Бұл мәселе Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құзырында болғандықтан, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан аталған бағыт ашу үшін ұсыныс хат берілген.
Үшінші кезекте Манкент ауылының тұрғыны М.Караеваның сөзінше, «Күншуақ» балабақшасында ұзақ жылдары тәрбиеші болып еңбек еткен. Денсаулығына байланысты жұмыс орнында уақытша болмаған. Жұмыс орнына еңбекке жарамсыз парағын тапсырғанымен, жұмыстан босатылғанын заңсыз деп айтып, жұмысына қайта орналасуға ықпал етуді сұранды.
- Өз құқығын қорғау мақсатында жұмыс беруші тарапынан жұмыс орнынан заңды немесе заңсыз босатылғандығын сот орнына талап арыз жазу арқылы анықтай алады. Яғни, жұмысына қайта қабылдануы, керісінше қабылданбауы бойынша тиісті шешімі қабылданады.
Келесі кезекте Жібек жолы ауылының тұрғыны С.Надиров әлеуметтік көмек көрсетуді сұранды.
- Отбасында І топ мүгедектігі бар жарына және жеке күтуші ретінде өзіне тиісті төлемдерін алуда. Оңалтудың жеке бағдарламасында жазылған қызметтер тұрақты түрде ұсынылады.
Бесінші кезекте Қарамұрт ауылының тұрғыны Д.Мирзаметова ауылдық округінен табысталған жер учаскесін заңдастыруды сұранды.
- кезінде берілген жер учаскесі бас жоспардың болмауына байланысты, жер учаскелерінің орны алмасқан. Қазіргі таңда кадастрлық мемлекеттік актісіне сәйкес, тұрғын үй салу үшін жер учаскесі берілген.
Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін бақылауға алып, қолданыстағы заң аясында қарап, нақты жұмыстарды атқаруды тиісті басшыларға тапсырды.