Ата кәсіпке қызығушылар көбеюде

Oinet.kz 24-08-2022 223

Screenshot_4.png

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) – мемлекеттің экономикалық тұрғыдан дамуына үлес қосатын еліміздегі маңызды саланың бірі. Агроөнеркәсіп кешені ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және сол өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді. Агроөнеркәсіптік кешеннің мақсаты – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ету және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Экономиканың тірегіне айналып отырған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін республикада Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі ұлттық жоба әзірленген.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы  жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Мен Үкіметке бизнеспен бірлесіп, келесі бесжылдыққа арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын»  деген болатын. Жоба аясында ішкі нарықты 80%-дан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молайту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту көзделген. 

Климаты ауыл шаруашылығына қолайлы Түлкібас ауданында мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бірқатар шаруалар атқарылып, ауыл шаруашылығы жандануда. Бүгінде ауданның батыс қақпасында орналасқан Келтемашат ауылдық округінде ата кәсіпті жандандырып отырғандар қатары артып келеді. Соның бірі «Бексұлтан» шаруа қожалығы. 

Жыл басында «Түлкібас Агро» ЖШС-нен 40 миллион теңге ауыл шаруашылығы мақсатында несие алып, мал бордақылау кәсібін өрлетіп отырған ағайынды Бексұлтановтардың шаруашылығында қазіргі таңда 300 бас жылқы бордақылануда. Айына орта есеппен 200 бас жылқы етін Алматы, Астана қалаларына жолдап отырған шаруа қожалық әр еттің келісін 2700-2800 теңгеден өткізуде. Сойылған малдын орның Ресей елінен арнайы барып алып келінген және ауыл-аймақтардағы ұсақ қожалықтардың малымен толықтырып отырады. 

Аталған округте іс-сапармен болған аудан әкімі Нұрлан Байғұт шаруа қожалыққа арнайы ат басын бұрып, жұмысымен танысты. Қожалықты жүргізіп отырған ағайынды Бексұлтановтармен сұхбат құрып, Заң талаптарына сай мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерге қолдау көрсетуге дайын екенің жеткізді. 

Келесі кезекте Нұрлан Мархабатұлы аталмыш ауылдық округтегі ірі шаруа қожалықтардың бірі «Қайнар» қожалығында болды.

Мал бордақылауды негізгі кәсібіне айналдырып отырған қожалықта ет бағытындағы қазақи «ақ бас» тұқымдас 440 бас ірі қара бар. Оның ішінде, 390 басы аналық, 150 басы 1,5 жасар бұқа. Қожалық ірі қараның тірі салмағын 900-1000 келіге дейін бордақылап, Сайрам ауданына өткізуде.  Бүгінде округте жалпы малмен айналысатын 25 шаруа қожалық болса, соның ішінде 22-і мал бордақылаумен үшеуі сүт өндірумен айналысады.

Ата кәсіпке қызығушылар көбеюде
Тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұранды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу