Холодильник демалыс аймағы - жазғы шілдеде таптырмас орын

Oinet.kz 10-07-2022 472

Screenshot_1.jpg

Қазіргі жазғы шілде көп адамды қатты әбіржітіп жатыр. Шілдеде көп адам шыдай алмай жанына сая болар пана іздеп шарқ ұруда. Осындайда көмекке демалыс аймақтары келеді. Әсіресе демалыс аймақтары тау етегінде болса нұр үстіне нұр. Себебі тау етегінде күн райы салқын болады. Осындай ауа-райында адам барынша ләззат алып, жаны жайлылыққа бөленеді. Тау бөктеріндегі таза ауа, мөлдір бұлақ, арқырап аққан өзен суы, шайдай ашық аспан адамға зор қуаныш сыйлайды. 

Screenshot_2.jpg

Табиғаты таңғажайып Төлеби ауданындағы "Холодильник" демалыс аймағы бүгінде туристердің сүйікті орындарының бірі. Қаладан 25 км, 18 минут жерде орналасқан "Холодильник" жабайы демалыс аймағының сезімін сыйлайды. Өзіңізді жағажайдағы жалығудан, ыстықтан және күйбеңдіктен сақтағыңыз келсе осында келсеңіз болады. Туған күндер, корпоративтік кештер, түскі ас, фотосессиялар, отбасылық демалыстар - мұның бәрі "Холодильникте" жоғары деңгейде өтеді. Көптеген бақытты және қызықты сәттер, бәрі "Холодильникте" естен кетпестей өтеді.

Screenshot_3.jpg

Мұнда туристерге көлік тұрағы, тапшандар, арнайы бар, планшетпен жүретін гидроскутер, ойын алаңы, ақ құмды жағажай, көл, волейбол алаңы, ас үй қызмет көрсетеді. 

Сіз мұнда барлық жағдай жасалған демалыс аймағында еш алаңсыз демалысыңызды сәтті өткізесіз. 

Бір ерекшелігі, мұнда  жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. 

Ауданның табиғи ерекшелігі туризм кластерін дамытуға қолайлы
Мүгедектерге қамқорлық жасалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу