Мүгедектерге қамқорлық жасалуда

Oinet.kz 27-07-2022 867

Screenshot_1.png

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Біздің алдымыздағы ең басты міндет – халықты жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз кеңістік ұйымдастыру. Осы тапсырманы орындау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы қолға алынады. Қазақстан мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Осы мақсатта барша кәсіпкерлерді мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырамын. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, мұндай азаматтар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады»,- дей келе мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну, әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеумен ғана байланысты емес, ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керектігін баса айтқан болатын. Бұл ретте мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудың маңызы зор.

Келес ауданында Елбасының тапсырмасына сай мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті қамқорлық көрсетіліп келеді. Айталық ауданда жыл басынан бері 251 мүмкіндігі шектеулі азаматтар санаторлық курорттық мекемелерде ем алуға жолданған. Сонымен қатар құлағы естімейтін сурдотехникалық құралдарын есту аппараттарын алуға 23 мүмкіндігі шектеулі азамат өтінім беріп, толық қанағаттандырылған. Тірек қимылы бұзылған протез-ортопедиялық құралдарын алуға 110 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтінімдері  қабылданып 93 қажетті құралдарымен қамтылып отыр. Аталған өтініштер aleumet.kz порталы арқылы қабылдануда. 

Ал аудан орталығынан бой көтерген «Қазыналы қария – тең қоғам» атты мекемеде бүгінде 250 зейнеткер қызмет алуда. Күніне жалпы 50 зейнеткерге қызмет көрсету кестесі бекітілген. Зейнеткерлер күнделікті белгіленген кесте бойынша  емдік шараларын қабылдауда. Аталған мекемеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалып 72 мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік қызмет алу және жұмысқа орналастыру қызметтері бойынша көмектер көрсетілуде. Көзі нашар көретін жандарға брайль әдісімен оқытылатын кітаптар ұсынылған.  Абай ауылында орналасқан әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қариялар уақыттарын көңілді өткізіп, емдік және спорттық сауықтырудан өтеді. Мекемеде медициналық мамандар, спорт инспекторлары және әлеуметтік мамандардан құралған 22 қызметкер қызмет көрсетеді.  Бұл туралы бүгінгі өткен лездемілік жиында аудандың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Асылхан Қалымбетов мәлімдеді. 

Жиынға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев төрағалық етіп, үш мәселе қаралды. Қаралған мәселелер бойынша мекеме басшылары баяндама жасап, өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарып жүрген Серік Құраловтың мәліметінше кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 20 жобаға жалпы 267 жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Бүгінгі таңда 140 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 77 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған.  

Жиын барысында аудан басшысы көтерілген мәселелер аясында тиісті бөлімдер мен ауыл, ауылдық округтеріне нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын бақылауына алды. Сонымен қатар ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысында кездесіп жатқан мәселелермен аудан әкімінің халықпен кездесуінде айтылған өзекті мәселелерде жиында қаралып, жоспарлар пысықталды. 

Холодильник демалыс аймағы - жазғы шілдеде таптырмас орын
Келесте 3 мектеп салынып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу