Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру

Oinet.kz 01-07-2022 528

Screenshot_28.jpg

Ел Президенті Қ.Тоқаев әрқашанда сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес – еліміздің страте­гия­лық дамуындағы негізгі басым­дықтардың бірі екенін айта келеді. 

– Бұл – менің берік ұста­ны­мым және сайлауалды бағдар­ламада халыққа берген уәдем. Осы жұмыста ешқандай көз­бояу­шылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол беріл­меуге тиіс.Талап қатаң болады. Былтырғы жиында біз нақты іс-қимыл жоспарын айқындадық. Бүгінде бірқатар мақсатты жүзеге асырдық. Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мү­ше болды. Нормативтік актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу институтының жұмысы жаң­ғырды. Қол астын­да­­ғылардың жемқорлық әрекет­тері үшін басшыларын қыз­метінен босату қағидаты енгі­зіл­ді. Дегенмен, біз бұған тоқ­мейіл­сіп отыра бермеуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Жиын барысында Кемеқалған, Жоғарғы Ақсу, Киелітас ауылдық округ әкімдері мен мамандары, аудандық жұмыспен қамту орталығының, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары есеп берді. 

Баяндама жасаған сала басшылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңы, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексіне негізделген іс-шара жоспары бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Барлық мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол беру фактілері анықталған жағдайда хабарласатын сенім телефондары мен арыз-шағымдарға арналған жәшіктері орнатылған. 

Мемлекеттік қызмет стандарттары бекітіліп, құжат көшірмелері әкімшілік ғимараттың ішкі көрнекті жеріне ілінді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер тіркеліп, оған көрсетілген мерзімде жауап қайтарылуда. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында жіберген кемшіліктері үшін  мамандар жауапқа тартылып, оларға ескерту берілді. Шешім, өкімдер, барлық нормативтік құқықтық актілер мен басқа іс-құжаттарда кемшіліктерге жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында талаптар қатаң сақталуда. Бюджеттік бағдарлама бойынша жеке-жеке порталға шығарылуда. Мемлекеттік қызметкерлер табыс жөнінде мәліметтерді Кірістер басқармасына уақытында тапсырып, құжаттың көшірмесін аудандық персоналды басқару бөліміне өткізуде. Ауданға қарасты мемлекеттік мекемеде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, сыбайлас жемқорлықпен тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Барлық мекеме ішкі талдау жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік жоқ екенін анықтады. 

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Телғараев «Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел  болып  қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз.  Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты  қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі  жұмыстарды  күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз», деді. 

Туризм – ауданның имиджін қалыптастырудың ал – өнеркәсіп дамытудың жолы
Аудан әкімі Жартытөбе ауылы мен Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу