Аудан әкімі Жартытөбе ауылы мен Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" деп тапсырған болатын.
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков белгілінген кестеге сай Жартытөбе ауыл округінде болып, тұрғындармен кездесті. Аққолтық елді мекенінде болып, спорт алаңында ондағы халықтың талап тілектерін тыңдады. Мұхит Сексенбайұлы еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, аудан көлеміндегі жоспарлармен бөлісті. Тұрғындар сауалына жауап берді. Аққолтық елді мекенінің тұрғындары пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер мәселесін көтерді. Сондай-ақ интернет жылдамдығы да сөз болды. Мұнан бөлек, электр жарығының төмендігін де маңызды мәселе екенін жеткізді. Аққолтық елді мекенінде бір көшеге асфальт, бір көшеге тас төселіп, биылғы жылы мәдениет үйінің құрылысы аяқталатынын айтқан аудан басшысы, көпшілік ұсыныстардың назарға алынғанына тоқталып, тиісті бөлімдерге тапсырма берді.
Жартытөбе ауылы округіндегі кездесу барысы мәдениет үйінің ауласында өтті. Тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков, олардың сауалдарына жауап берді. Қанғыбас ит мысықтың аулау мәселесі қолға алуды сұранған ауыл белсенділері, электр жарығы төмендігін айтты. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жер алу мәселесі көтерді. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында аудан басшысы, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жер алуда ешқандай мәселе болмайды деп нақты жауап берді. Тұрғындар ауылдық аурухана жөндеу жұмысын көтерген, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселемен қабылдады.