Шолаққорған ауылы округінде есептік жиын өтті

Oinet.kz 24-06-2022 328

Screenshot_2.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс.

Осы орайда Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Шолаққорған ауыл округі халқымен кездесіп, есептік жиын өткізді. Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді атап өтті. Тұрғындар қойған сауалдарға жауап берді. 

Есептік жиынға қатысқан тұрғындар ойын алаңын салу, көшені жарықтандыру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игеру, шаруа қожалықтар «Көкбұлақ» суын тиімсіз пайдаланып, егістік жерлерге су жетпей жатқанын көтерді. Сондай-ақ кейбір шаруа қожалықтарында жер дауы туындап отырғанын тілге тиек етті. Шолаққорған ауылындағы тазалық мәселесі де сөз болды. 

Аудан әкімі тиісті бөлім, мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ орындалуы тиіс мәселелерді бақылауына алып, жұмыс жүргізу үшін бөлімдерге тапсырма берді. 

«Сіздер көтерген су тапшылығы бүгінгі таңда өзекті. Жаңбырлатып, тамшылатып суғару әдісін меңгерген аудан шаруалары мол өнім алып жатыр. Шаруаларға семинар да өткіздік. Егістікпен айналысып жатқан шаруалар осы әдіске көшкен орынды»,- деген Мұхит Сексенбайұлы тұрғындар көтерген мәселе бойынша ашық әңгімелесіміз.  Әкімдік есігі кез- келген азаматқа ашық. Туындаған сұрақтарды бірге отырып талқылайтынын айтты.

Есептік жиынға, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, аудан прокуроры Ержан Қожабеков, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімі Жартытөбе ауылы мен Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Созақ әкімі Құмкент ауылының халқымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу