Киелі шаһар 5G желісіне қосылуда

Oinet.kz 08-06-2022 332

Screenshot_10.png

Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Қазақстанда елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар бағдарламалар да жүрзеге асырылды.

Өз кезегінде республиканың көне шаһары, бүінде түрленіп, жаңарып отырған Түркістан қаласында да ақпараттық, технологиялық мүмкіндіктер артып отыр. Мәселен Түркістан қаласында жыл басынан бері 7 835  құрылғы 5G желісіне қосылды.  Аталған жүйеге ресми түрде киелі шаһар былтыр орнатылған. Нәтижесінде 5G жүйесі облыстың денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы сынды салаларға жоғары технологияларды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. 

Жалпы аталған  жүйе «ақылды қала» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруда. 5G – сымсыз интернет жүйесінің бесінші толқыны. Ол – 2009 жылы пайда болған 4G-дің ізбасары. 5G желісі 4G-ден шамамен 10 есе жылдам және 150–200 Мбит / с құрайтын орташа жылдамдықпен жұмыс істеуге есептелген. Шарықтау жылдамдығы 1 Гбит / с-тан асуы мүмкін. 

Бүгінде Түркістан қаласы әкімдігі, Конгресс-холл, «Түркістан Арена» стадионы, Керуен сарай, жаңа автовокзал, Фараб орталық кітапханасы, Батыр жастар сарайы аумағында 5G желісі іске қосылған. Сондай- ақ, 5G желісін Кентау, Арыс, Жетісай қалаларында орнату бойынша тиісті министрлікке ұсыныс жолданды дейді сала мамандары. 

Түркістанда 40 көше орташа жөндеуден өтеді
Әкім саурандықтармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу