«Ауыл — ел бесігі» жобасы 100-ден астам елді мекенді қамтиды
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылғы еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Кейіннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш жобаны әрі қарай жалғастыру керектігін айтып, 2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекенді жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Яғни «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру 7 жыл ішінде 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамытуды мақсат еткен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы Түркістан облысында жүйелі жүзеге асырылып келеді. Облыс бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында биыл 249 жоба іске асырылып, 400 мыңнан астам халық тұратын 105 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсаратын боладыдейді сала мамандары. Бұл мақсатта қазынадан 16,7 млрд.теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
Нақтырақ айтқанда жоба аясында биыл өңірде 11 фельдшерлік-акушерлік бекет және 1 дәрігерлік амбулатория, 11 мектепке қосымша ғимарат салынып, 23 мектепті күрделі жөндеуден өтеді. 7 спорт нысаны бой көтеріп, бір спорт нысаны күрделі жөндеуден өту жоспарланған. Сондай-ақ 13 мәдениет нысаны салынып, біреуінде күрделі жөндеу жүргізілмек. 9 табиғи газбен қамтамасыз ету нысандары мен 8 электр қуатымен жабдықтау нысандары ның құрылысы жүргізілсе, 168 ішкі көшелер орташа жөндеуден өтеді деп күтілуде.Сонымен қатар 200-ден астам жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның іске асырылуы облыс әкімінің тұрақты бақылауына алынған.