Шымқалада медициналық жиһаз өндіріледі

Oinet.kz 18-11-2021 5533

Screenshot_11.png

Шымкент қаласында өтіп жатқан үш күн бойы жалғасатын «Шымкент өнімдері» көрмесінің мақсаты — жергілікті тауар өндірушілерді тұтынушыларға кеңінен таныстырып, олардың ісін ілгерілетуге көмектесу.  Бұл шараға өңдеу өнеркәсібі бағытында жұмыс істеп, дайын өнім шығарып жатқан 100-ге жуық шымкенттік компания қатысуда. Олардың арасында құрылыс материалдарын, жиһаз, медициналық құрал-жабдықтар өндіретін кәсіпорындар бар. 

Көрмеге қатысушы компаниялардың бірі — «MedCamfort» ЖШС-і. Бұл кәсіпорын медициналық жиһаз бен құрал-жабдықтар өндіреді. 

—Біздің кәсіпорын 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде 50 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Кез келген емхана мен аурухананы медициналық құрал-жабдықтар және жиһазбен толық жабдықтай аламыз. Әсіресе, кушеткалар мен төрт функционалды автоматтандырылған кереуеттерге сұраныс жоғары. Өндірісті кеңейту мақсатында «Жұлдыз» индустриалды аймағынан үлкен жаңа зауыт салып жатырмыз, — дейді «MedCamfort» ЖШС-інің атқарушы директоры Жадыра Әнуарбекқызы. 

Шымкент қаласы отандық нарықта жекелеген өнімдердің негізгі жеткізушісі болып табылады. Цемент өндірісі, мотор майлары, кілем, аяқ киім, тұрмыстық бұйымдар өнімдері, фармацевтика, азық-түлік өндірісі жөнінен ішкі нарық пен отандық экспорттық әлеуетті арттыруда. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар отандық нарықтың 21 пайызын қамтуда. 

Қала экономикасын әртараптандыру, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарының үлесін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынып, нәтижесін беруде. 

Шымкенттік өнімдер көрмесі санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілді. Оған қатысушылар "Ashyq" жүйесі арқылы тіркеліп, мәртебесі айқындалды.


Шымкенттік тауарлар көрменің сәнін келтірді
Ата кәсіпті қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу