Шымкенттік тауарлар көрменің сәнін келтірді

Oinet.kz 18-11-2021 5607

Screenshot_10.png

Мегаполис шаһардағы Көрме орталығында «Шымкент өнімдері -2021» отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін көрмеге қойып, көпшілікке ұсынуда. 

Көрменің төріне жайғасқан жергілікті тауар өндірушілердің бірі -  «Казмебельтрейд» компаниясы. Өндіріс орны 2012 жылдан бері түрлі жиһаздарды шығарумен айналысып келеді. Қазір кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары. Қазақстанның түкпір-түкіпірне тауар таратып отырған компания өнімдерінің соңғы уақытта экспортттық әлеуеті артып келеді. 

"Біз мектеп, жатақхана, кафе, ресторандарға жиһаз жасап, тапсырыстар қабылдаймыз. Ішкі нарықтан бөлек ТМД елдеріне де өнімдерімізді шығарып жатырмыз. Айына 5 мыңға дейін тауар өндіреміз",- дейді «Казмебельтрейд» ЖШС менеджері Мұхаммедайдар Орынбек.

Ал, шымкенттік қыз-келіншектер «Айсауленің» өнімін жақсы біледі. Бет-әлпет күтіміне бей-жай қарамайтындар экологиялық таза косметикалық тауарларға қызығушылық білдіруде. Бұл компания әуелі мемлекет қолдауына иек арттты. 3 млн. қайтарымсыз грант жеңіп алып, оған керекті құрылғыларын түгендеп алды.

"Өздеріңіз білесіздер Оңтүстік өңірі емдік шөптерге өте бай өлке. іздің өнімдері емдік шөптер мен дәнді-дақылдардының негізінде жасалған. Компанияда қазір 19 өнім түрі өндіріледі. Өнімдер негізінен бет, дене және ішкі ағзаларды емдеуге арналған",- дейді «Айсауле» косметикалық компаниясының жетекшісі Сәуле Мұсаева.    

Көрмеде сондай-ақ, темір тордың арғы жағында бас бостандығынан айырылған азаматтардың қолымен жасалған дүниелер де көпшілік назарына ұсынылды.






 


Шымкент өнімдері – қала экономикалық қуатының көрсеткіші
Шымқалада медициналық жиһаз өндіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу