Кәсіпкерлікті қолдау - мемлекет үшін маңызды

Oinet.kz 11-11-2021 659

Screenshot_7.png

Таяуда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау өңірлік қоғамдық кеңесі мен Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

 Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысты. Кеңес отырысын Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсат Абдукаримов жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде біренеше мәселе қаралды. Айталық Жол картасы (31 тармақ «Назар Текстиль» ЖШС-нің полипропинмен иірімжіп өндірісін іске қосып, 150 жұмыс орнын ашу) проблемалық инвестициялық жоба бойынша жұмыс орны саны мен инвестиция көлемін ескере отырып, қосымша балама жобаларды асыру мәселесі талқыланды. Жиында қалалық кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ мерзімде үлес қосатын, халықтың әл-ауқатының жақсаруына қолайлы жағдай жасайтын шетелдің қатысуымен жүзеге асып жатқан ивестициялық жобаларды бағалау туралы баяндама жасады.  Ал Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекцисы басқармасының басшысы Бауыржан  Қалжанов «AZALA COTTON» ЖШС-і қызметкерлерінің жалақы мәселесі бойынша мәлімдеме жасады.

 Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар беріліп, мәселелерді шешу жолдары талқыланды.


Депутаттар «Зертас» ШҚ жұмысымен танысты
Корея мен Шымкент арасында байланыс нығаймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу