Сарыағашта инвестиция тартуда оң көрсеткіштер бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр халыққа арнаған Жолдауында:
-Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес,-деп атап өткені белгілі.
Президент: «Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағының өнеркәсіптік әлеуетін барынша пайдалану керек. Осы өңірлерде еліміздің еңбек ресурсының жартысы шоғырланған. Сапалы жұмыс орындары бұл аймақтарды дамыту үшін өте өзекті. Аграрлық секторға дәстүрлі қолдау көрсетумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға, құрылыс материалдарын шығаруға және өнеркәсіптің өзге де салаларына баса назар аудару қажет»-деді.
Бүгінде ауыл шаруашылығындағы ең өзекті мәселенің бірі инвестиция тарту. Осы орайда биыл Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуда оң көрсеткіштердің қалыптасып отырғанын айтуға болады..
Ауданда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына ивестиция тартудың жылдық жоспары 4 миллиард теңге болса, биылдың қаңтар-қыркүйек айларында оның көлемі 3 миллиард 807,1 миллин теңгені құрады немесе жылдық жоспардың орындалуы 95,2 пайызға жетіп отыр.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға инвестиция тартудың жылдық жоспары 400 миллион теңге болса, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 401,5 миллион теңге инвестиция тартылды немесе жылдық жоспардың орындалуы 100 пайыздан асып отыр.
Айта кетері, биылдың тоғыз айында ауданда 82 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген.