Автобустар кондукторсыз қызмет көрсетуде

Oinet.kz 10-10-2021 377

Screenshot_36.png

Шымкенттегі «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 автобус пилоттық жоба ретінде кондукторсыз қызмет көрсетуде. Демек автобусқа мінген әрбір азамат өзі электронды түрде жолақысын төлейді. Оның бірнеше жолы бар: «Төлем» картасы, sms код және qr код арқылы жолақысын төлей алады. Бірақ оны контралердың көмегінсіз, өзі жасайды. 

Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алғандығын тексеріп отырады. 

Пилоттық жобаның мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету,  жүргізушінің жалақысын көтеру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, жолақы төлемін автоматтандыру, жалпы алғанда қоғамдық көліктерде мәдениеттілікті қалыптастыру.

«Жүргізуші алаңдамауы қажет. Өзінің тек жолға жауап беру керек. Аппарат дұрыс істеп тұрса, халықты әзірге үйрету керек»,- дейді жолаушы Омар Дүйсенбаев.

Айта кетейік, мұндай пилоттық жүйе Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында көптен бері сәтті  қолданылып келеді.


Польшадағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты
Шымкенттің спортшылары жарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу