Бадамда құрылыс қызып тұр
Елу жылдан астам тарихы бар Бадам өзені жағалауы Шымкент қаласындағы көрікті демалыс аймағы болып саналады. Осыған дейін Бадам өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары жүргізілген еді.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмыстарын тексерді. Мұнай зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта қазір құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде.
Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілді. 2014 жылы бастау алған екінші кезеңдегі жобаға сәйкес 6,7 шақырым жер абаттандырылуда. «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру үшін 247 миллион теңге бөлінді.
Биылғы жылға дейін 4,5 шақырым өзен жағалауы бетондалып, 311 жарықшам орнатылған. 12 мың шаршы метрге асфальт жабындысы төселген, жаяу жүргіншілер көпірі мен екі бөгет салынып, 24 мың шаршы метр аумақ абаттандырылған.
Қазір жаяу жүргіншілер жолы мен айналаны шолу көпірін салу, жағалауды бетондау және 4,8 шақырым аумақты абаттандандыру жұмысы атқарылуда. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, өткен жылы Бадам өзенінің үстімен өтетін А-2 «Хоргос-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта құру жұмыстары толығымен аяқталған болатын.