«Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Әл-Фараби ауданының аумағын абаттандыру, дамыту бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер ағымдағы жылдың 4 қазаннан бастап 17 қазан қоса алғанда қабылданады; Кез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады;
"Егер бір азаматтың жобалық ұсынысын дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асыруға ұсынылады. Сіздердің ұсыныстарыңызды 2021 жылдың 18 қазанға дейін күтеміз" дейді салаға жауапты мамандар.
Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады.