13 көше жөнделуде
Республикамыздың үшінші мегаполисінде жол құрылысы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Айталық Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігіндегі Тұран шағын ауданында барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізілуде.
Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков көше құрылысын жүргізуге жұмылдырылған мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жиналыс өткізді. Кездесуде көшелердің сапасы және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді реттеу мәселелері талқыланды.
Биылғы жылы № 2, 6, 8, 10 - барлығы төрт көше пайдалануға берілмек. «Отау-строй» ЖШС тарапынан № 2 жол жұмыстарының 95 пайызы аяқталса, “Строй Жол Сервис” ЖШС № 6 жолдың 92 пайызға жуық жұмысын аяқтаған. Қалған 9 көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) 2022 жылға өтпелі. М.Айманбетов мердігер мекеме басшыларына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы және жұмыстардың мерзімінде атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл шағын аудан қазіргі кезде қаламыздың жаңа даму аймағы болып табылады.2:29:14