Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы аталып өтті
Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті» қыры атты мақаласында: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады» - деп атап, қазақтың тарихында, өмірінде ойып тұрып орын алған тұлғаларға құрмет көрсету біздің парызымыз екенін ескерткен болатын.
Осы орайда, Ордабасы аудандық орталық кітапханасында ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай «Мәңгі сөнбес шамшырақ» атты поэзия сағаты өтті.
Іс-шара барысында алтынның көзі, асылдың сынығы, қайсар ақын, тума талант иесі Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығы жөнінде ой қозғалды.
Жастардың әдебиетке деген ынтасын арттырып, әдебиетті, өнерді, өмірді бағалауға шақырған рухани шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Жалпы, қазақ әдебиетінде ерекше есімі бар азамат Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Оның «Нар тәуекел», «Бурабай толқындары», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Өз елім», «Ғашық едім қайтейін» сынды жастарға үлгі боларлық тамаша туындылары бар.