Интернет қызметінің жылдамдығы тексерілді

Oinet.kz 14-10-2021 460

Кез келген саланың тиімділігін арттыруда сапалы байланыс жүйесі маңызды орын алары сөзсіз. Қазіргі, цифрлық заманда адамдардың бір бірімен кері байланыс орната білуі де сапалы интернет желі жүйесімен тікелей байланысты. Бүгінде, елді мекендерде бұл мәселенің шешімін табу тиімді жолға қойылуда. Осы негізде, мысал ретінде Ордабасы ауданын алуға болады.  

image.png

Елді мекендердегі сапалы байланыс қызметін арттыру мақсатында, Ордабасы ауданына қарасты Боралдай ауылында көшпелі жиын өтті. Аталған іс шараны «Kcell» компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Юрий Харламов, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев ауылдардағы байланыс қызметінің сапасын арттыру үшін ұйымдастырды. Н.Оразбаев атындағы мектепте өткен мәжілісте сала жауаптылары ұялы байланыс қызметінің сапасын талқылап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ауылдағы «Kcell» байланыс қызметінің интернет жылдамдығы тексерілді.  

«Activ» ұялы байланыс қызметінің жарнамасына түскен белгілі TikTok түсіруші Алина Ким (әл желіде 31,5 млн оқырманы бар) интернет қызметі туралы өз ойларымен бөлісті. 

Ордабасылық спортшылар боз кілемде оза шапты
Жаңа спорттық-сауықтыру кешені бой көтермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу