Тазалық-туған жерге қамқорлық
Өзің тұрып жатқан елді мекеннің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бұған кез-келген азаматтың үлес қосуы осы туған жердің алдындағы парыз ретінде есептеледі. Туған жерді түлету әрбірімізден басталады.
Сарыағаш ауданында санитарлық тазалауға бағытталған сенбілік шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Жуырда өткен ондай сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ мамандары және тұрғындар күл-қоқыстан тазартып, ауданның тазалығына, көркеюіне өздерінің үлестерін қосты.
-Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы техникалар ұйымдастырылған. Жалпы аудандық сенбілік көшелердегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Әрбір өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Ауданның әр тұрғыны өз үйінің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі, -деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрғындардың экологиялық мәдениетін, әрбір азаматты өзінің туған жеріне деген жанашырлығын қалыптастыратын осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Елдің игілігі үшін жасалып жатқан шаралардан шет қалмаңыздар.