Сарыағаш 100 пайыз екпе қабылдады

Oinet.kz 07-10-2021 728

1.JPG

 Сарыағаш ауданында вакцина салдыруы тиіс 101 700 адам толығымен екпе қабылдады. Яғни, көрсеткіш 100 пайызды құрайды. Бұл туралы Саырағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауданда вакцинациялау жұмыстары 14 егу пунктері мен жылжымалы кешендерде жүргізілуде. Ауданда Қалған тұрғындар денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. 

Бүгінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Сарыағаш ауданы «жасыл» аймақта. Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 4 жағдайы анықталды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 250 орын бар, 170 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 80 науқас емделуде. Пандемия басталғалы індеттің 596 жағдайы тіркелді. Оның 146-сы симптом байқалмаған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы 450 науқас індеттен толық айыққан.  Жалпы 176 061  ПТР сынамасы алынған. 

Сонымен қатар, 146 оттегі аппараты мен 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

Аудан бойынша екпе салдыруы тиіс азаматтар арасында вакцинаның бірінші компонентін соңғы болып қабылдаған Бекжан Атамбаев Көктерек кенті, Абай көшесінің тұрғыны, 5 баланың әкесі. Бүгінгі таңда көлік жүргізуші болып жұмыс жасайды. Күн сайын бірнеше оқырманмен байланыста болатын азамат бүгін екпенің бірінші компонентін салдырды. Ол бұл қадамға өзімен отбасының қауіпсіздігін ойлағандықтан барғанын айтады. Сонымен қатар, өзіміздің денсаулығымыз үшін қазіргі мынандай індетте екпе алу керек деп ойлайды.

Жақындары мен өз денсаулықтарына бей жай қарамайтын аудан тұрғындары бүгінгі таңда толығымен екпе алды. Індетпен күресуде белсенділік танытып екпе салдырған аудан тұрғындарына алғыс білдіреміз. 

Ал, созылмалы аурумен ауыратындар, жүкті және бала емізетін аналар, 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаны салуға болмайды.


Конкурс по мобилографии планируют провести в Шымкенте в следующем году
Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу