Түркістан облысының Ордабасы ауданында ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Oinet.kz 21-09-2021 346

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы мемлекет тарапынан жүргізілген стратегиялық бағыттың нәтижесінде жыл өткен сайын жұйелі дамып келеді. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі де жылдан жылға арту үстінде. Нәтижесінде өңірде бұрын соңды болмаған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Сондай жобалардың бірқатары Ордабасы ауданында қолға алынған.

image.png

Атап айтқанда, ауылшаруашылық саласында ауқымды жобалардың бірі – Темірлан ауылының іргесіндегі қарқынды алма және жеміс-жидек дақылын отырғызумен айналысатын «Казгарден» бау шаруашылығының жеміс алқабы. Баудың көлемі 60 гектардан асады.

Аграрлық сала – Ордабасы ауданы экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың тарапынан ауыл шаруашылық саласындағы жаңа жобаларға, ауданға инвестиция салған жеке кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде. Бүгінде аталған шаруашылық 11 гектарға қарқынды алма, 49 гектар алқапқа сүйекті жеміс дақылдарын отырғызған. Жобаның инвестициялық құны 450 миллион теңгені құрайды. Мұнан бөлек, жеке кәсіпкер бау-бақша аумағын кеңейтіп, 2 миллиард теңгеге 240 гектарға бау отырғызуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда онда 60 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған.

Бөржар ауылдық округіне қарасты «BalKausar» бау шаруашылығында жүзімнің элиталық асханалық сорты өсіріледі. Жаңа технологияны қолдану арқылы қысқа уақыт ішінде мол өнім алуды көздейтін шаруашылық әзірге 10 гектар алқапқа асханалық жүзім сортын жерсіндірген. Былтыр қыркүйек айында егілген жүзім көшеттері өсіп, жеміс берген жағдайда жылына 250 тонна өнім алынады деп жоспарлануда.

Түркістан облысында Кентау көшелері 100 пайыз жаңартылады
Түркістан облысының тұрғындары елдің солтүстігін дамытуды көздейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу