Түркістан облысында Кентау көшелері 100 пайыз жаңартылады

Oinet.kz 20-09-2021 366

Түркістан облысында Кентау қаласынан Қарнақ ауылына дейінгі күре жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 39 шақырым болатын жолды жөндеумен мердігер мекеме «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Одан бөлек, Кентау қаласынан Түркістан Халықаралық әуежайына дейін де жаңа айналма жол салынып жатыр. Оның ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме «Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жолдың бірінші қабатына тас төсеу жұмыстарын жүргізуде. Екі нысан да жоспарға сәйкес 2022 жылы аяқталады.

Айта кетейік, Кентау қаласында 2020-2022 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында қаладағы жалпы ұзындығы – 76,67 шақырым болатын 131 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған. Биылғы жылды қоса алғанда өткен жылдан бері Кентау қаласында 53,3 шақырымды құрайтын 52 көшеге орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша, жөндеу жұмыстары белгіленген мерізімінда осы жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, республикалық және субвенсия қаржыларына биыл қала мен елді мекендерде 28,3 шақырымды құрайтын ішкі жолдардың құрылысы қосымша атқарылатын болады. Нәтижесінде келер жылға қарай Кентау қаласындағы жаңарған жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 100 пайызға жетеді деп күтілуде.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстарын сапалы атқару, мерзімінен кешіктірмей аяқтауды Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов бақылауына алған.

Шөкеев «Мақтааралға» ақыл-кеңесін айтты
Түркістан облысының Ордабасы ауданында ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу