Кентау: Тұрғын үйлерге табиғи газ кіргізіледі
Жуырда халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қуат көздерін газға ауыстыруды тапсырып, бұл экономикалық қана емес, экологиялық тұрғыдан да тиімді екендігін атап өткен болатын.
Жалпы газдандыру бүгінде Түркістан облысында өте қызу жүріп жатыр. Түркістан облысы Кентау қаласындағы көпқабаты тұрғын үйлер газға ауыстырылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге газ кіргізуге бағытталған ауқымды жұмыстар басталмақ. Маңызды мәселе жан - жақты сарапталуда. Шаһарда ауыз су мәселесі де өте маңызды. Осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласына жұмыс сапарында баяндалды.
Жалпы, қалада су тазарту станциясындағы су тазартқышқа небәрі 3000 - 6000 куб аралықта су жиналады. Тұтынушылар санының артуына байланысты бұрыңғы су жинағыш резервуардан бөлек, 10 000 кубқа дейін су жинайтын жаңа су жинағыш резервуарын салуды және "Ақ бұлақ" бағдарламасына енбей қалған жеке сектордағы үйлерді ауыз суға қосу үшін құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға әзірленуде. Жұмыстар жүзеге асқан кезде қала тұрғындары толыққанды жаңа су құбыры арқылы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сапар барысында өңір басшысы
«HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС күн электростанциясы құрылыс жұмыстарымен танысты. Шаһарда жүзеге асып жатқан тың жобаларға қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге, Өмірзақ Естайұлы Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Оның аясында аулаларға балалар ойын алаңшалары жаңартылып, спорт алаңдары салынып жатыр. Облыс әкімі сондай - ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды. Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді.