Түлкібас: Егістік 610 тонна өнім берді

Oinet.kz 10-08-2020 591

Түлкібас – ауыл шаруашылығына қолайлы жер Alashainasy.kz

Түлкібас әуелден ауыл шаруашылығына, оның ішінде егін егуге, жеміс-жидек өсіруге климаты да, жер бедері де аса қолайлы өңір екендігі белгілі. Бүгінде жаздық өнім жинау маусымы жақсы өнім берді. Шаруалар бір жерден екі өнім жинап, егістіктің әл-аухаты жақсарып отыр.

"Жаскешу ауылдық округіне қарасты, қызылжар алқабы. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда биыл 266 гектар жерге 155 шаруа қожалық жерлеріне 2 өнім егуде. 1-ші өнімін жинап алып, 130 гектарын жинап алды, содан 610 тонна өнім алып отыр. Ерте егілген өнімдер жиналды", - дейді Мұстафа Желдібаев, Түлкібас аудандық  ауылшаруашылығы  бөлімінің басшысы.

Жалпы аудандағы 155 шаруа қожалығы  көктемде 266 гектар жерге   көкөніс, бұршақ дақылдарын және картоп егіп  610 тонна өнім жинаған. Енді екінші өнім жиналып жатыр. Күзде пісетін дақылдарды қосқанда Түлкібастық шаруалар биыл да мол өнім алады деген  болжам бар. Көкөністің басым бөлігі жергілікті жерде терең өңделеді.

Жалпы ауданда ауыл шаршуашылығы дақылдарының ішінде бау-бақша алқабы жыл өткен сайыр артып келеді. Бауда алма пісіп, жүзім де самсап тұр. 

Түлкібас: Шаруалар ауыспалы егін түрін қолданады
Сайрамда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу