Сайрам: Түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Қазақстан халқын пандемия тұсында адамдарды сабырлыққа, тәртіпті сақтауға, баға тұрақтылығын сақтауға шақырады. Әринре, осы тұста халық бір ауздан келісіп, өзінің де, өзгенің де басын қатерден сақтап, карантин талаптарна бағынса игі. Дегенмен жалпға бірдей міндеттерге қарс шығып, оған атүсті қарап, карантин талаптарын бұзатындар да жоқ емес. Сол себепті дәл қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі түрде рейдтік, мониторингтік жұмыстар жиіледі.
Түркістан облысы, Шардара ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінде де 06.08.2020 жылы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Куралай Шадиева және ауылдық округі әкімі Алмас Тураров бастаған мобильдік топ әлемді ушықтырған «COVID-19» індетінің таралуына байланысты жарияланған карантин талаптарын орындалуын бақылау мақсатында әлеуметтік нысандар мен демалыс аймақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауданда бүгінде санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып жұмыс істеуде.