Түлкібаста қияр егістігі мол өнім берді

Oinet.kz 06-08-2020 709

image.png

Түл­кі­­­бас ауданында бір жерден екі өнім ала­­­тын егістіктер мол табысқа кенеліуде. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев егістік алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу инновациялық технологиясын әрбір ауылдық округке енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінде Түлкібас ауданының  әкімі Нұрлан Байғұттың бастамасымен аудан аумағындағы шаруа қожалық төрағаларымен көшпелі семинар өткен болатын. Сол семинардың нәтижиесі бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Бұлай дейтініміз Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы жалпы 5 гектар жерге бірінші өнім ретінде ерте көктемде 2 гектарына сарымсақ, 3 гектарына картоп егіп ағымдағы жылдың маусым айының орта тұсында жинап алған. Содан-соң, 5 гектар жерді қайта өндеп 2 гектарына қияр, 3 гектарына ақ желкен егіп қазіргі таңда еңбегінің жемісін көруде. Атап айтар болсақ, бірінші егін сарымсақтан 20 тонна, ал картоптан 75 тонна өнім алып, сарымсақтың келісін 550 теңгеден, картоптың келісін 110 теңгеден Сайрам ауданымен Түлкібас ауданының базарларына өткізіп, мол табысқа қол жеткізіп отыр.

Бүгінгі таңда екінші егілген қиярды егіс алқабынан 100-110 теңгеден, ал ақ желкеннің бір бумасын 100 теңгеден өткізуде. Шаруа қожалық төрағасы қияр көкөнісінен 30 тоннаға дейін өнім жинауды жоспарлауда. Сондай-ақ, шаруа қожалық науқан кезінде 15 адамды уақтша жұмыспен қамтып отыр.
Жалпы аудан аумағында 155 шаруа қожалық көктем мезгілінде 266 гектар жерге бірінші өнімі ретінде көкөніс, бұршақ дақылдарын және картоп егіп, 610,2 тонна өнім алған болатын. Бүгінгі таңда сол жерлерге еккен екінші өнімдерін жинауда.


Сарыағаш: Этносаралық түйіткілді мәселелер қаралды
Түлкібас: 3 өзекті мәселе қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу