Сайрамда түйе шаруашылығын өрістетуде

Oinet.kz 05-08-2020

image.png

Түйе жануары ертедегі көшпелі халықтың ең негізгі көлік қатынасы болған. Жүк тасуға таптырмас, төзімді әрі мықты түлік – ел берекесі. Шаруашылықтың бұл түрімен айналысу атадан келе жатқан кәсіп десе болады.  Қазіргі таңда елімізде түйе шаруашылығымен Оңтүстік өңірде айналысушылар басым. Неге десеңіз табиғаты да қолайлы, оның үстіне мемлекет қазірде мал шаруашылығымен айналысамыен деушілерге түрлі жеңілдетілген бағдарламалар енгізген.

Сайрам ауданында «Бозінген» шаруа қожалығы түйе шаруашылығын қолға алып, сүтті бағытты дамытып отыр. Шаруа қожалығының төрағасы Әбілқасым Мұстафаев түйелерді Түркіменстаннан 2003 жылы әкелген. Отбасылық кәсіппен 5 адам айналысады. 

Бүгінде шаруышылыққа тиесілі 40-тан астам түйе бар. Күніне 160-170 литр сүт сауады. Әр литрін 1000 теңгеден саудалап отыр. Жылына 50 тоннадан аса қымыран дайындайды. Жем-шөп мәселесі шешілген. Жайылымдық жері де бар. 

Түйе еті сұраныста болмаса да  шұбаттың әлеуеті жақсы. Түйе сүтінің пайдалы емдік қасиеттері жоғары. Әсіресе түйе сүті дәл қазіргі елдегі пандемия тұсында аса тапшы. Адамдар иммунитетін көтеру мақсатында жылқы, түйе сүттерін тұтынып жүргендері белгілі. Сондықтан да шаруа иесінің қолға алған кәсібі өрге домалайтыны анық.

Алдағы уақытта қожалық төрағасы мал басын көбейте түсіп, өнімді түрлендіруді жоспарлап отыр.

Сарыағаш: Астық ору науқаны қызып тұр
Сарыағаш: Полицейлер де қайырымды істен қалыс емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×