Созақ: Орталық аурухана тағы да тыныс алу апаратымен толықты

Oinet.kz 04-08-2020 570

Облыстық ауруханаға оттегі концентраторын тарту етті ...

Созақта жаны жайсаң азаматтар ізгі істке себепші болды. Атап айтар болсақ  «Казатомпром-SaUran» ЖШС жұмысшылары мен «Қыземшек» кенті тұрғындары, қайырымды жандар мен еріктілер бірлесіп орталық ауруханаға 8 оттегі концентраторын тарту етті. Аталған апарат бүгінде медицинада аса тапшы болып есептелінгендіктен аурухана қызметкерлері мен тұрғындар дән риза. 

Бүгінде пандемияға қарсы күресте жергілікті тұрғындар да аянып қалмауда.  Олар түрлі қайырымдылық шараларын  ұйымдастырып, емханаларға көмектесіп жатыр. «Жақыныңа жәрдемдес»  акциясы аясында  кәсіпкерлер мен еріктілер  бір миллион теңгеден астам қаржы жинап   арнайы құрылғы сатып алып берген.

"Володя Қыземшек волонтерлары үздіксіз жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жұмыстар оң нәтиже беріп жатыр. Оның бірі 14 отбасыға айлық көрсеткіш есебінде 1 айлық продуты беріліп жатыр", деді Азамат Мырзағалиұлы  - ерікті.

 Жиналған қаражатқа  барлығы 8 тыныс алу аппараты алынды.  5 аппарат "Таукент" емханасына табысталса,  Шолаққорғанға»-1, ал «Қыземшекке» -2 аппарат жекізілді. Мұндай қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Мәселен, , «Степное-РУ» филиалының директоры Арнұр Жұмабекұлы өз қалтасынан 1 аппаратқа  қаражат қосып, бүгінде «Қыземшек» есханасы 3 құрылғымен толықты. Мамандардың айтуынша, бұл оттегі концентраторы қазіргі уақытта науқастарға ең қажетті дүние. 

"Біздегі Казатомпорм Сауранның демеушілігіне соның арқасында ылғалды оттек жеткізетін науқастарға аппарат алып берді. Соған рахмет айтамыз. Бізге 3 аппарат келді. Келесіде тыныс жетіспеушілігімен түскен науқастарға толыққанды көмек көрсетеміз", - деді Біржан  Қосауов  - «Қыземшек» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері.

 Мұндай қайырымдылық акцияны ұйымдастырған барша тұрғындарға дәрігерлер алғысын білдіруде. Алдағы уақытта пневмониямен ауырған науқастарға толыққанды көмегімізді көрсетеміз дейді.  Карантин режмін сақтай отырып, жақындарымызға жанашыр болайық!

Шардара: Тұрғындар қауіпсіздігі назардан тысқалмайды
Ордабасы: Саумалға сұраныс артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу