Ордабасы: Тұрғындар ізгі іс жасады

Oinet.kz 31-07-2020 810

image.png

Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы оқылған жоқ. Ал соңғы екі апталық шектеу шараларын ұзартқаннан кейін Құрбан айт намазы да оқылмайтын болды. Себебі барлық мешіт қайтадан жабылды. Дегенмен де осы сонау заманнан келе жатқан киелі мерекемізде мал құрбандыққа шалып, оны мұқтаж азаматтарға таратып беру дәстүр болып қалыптасып кеткен. Осыған орай ЛОрдабасы ауданының тұрғындары мал құрбандыққа шалып, етін тарқатты.

Құрбан айт мерекесіне орай «Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық аурухананың дәрігерлеріне, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға қымыран жеткізілді.

Сонымен қатар, қамқорлықты қажет ететін 10 отбасыға азық түлік себеттері табысталды.

Осындай игі іс- шараға Темірланда туып өскен, бүгінгі күні Жезқазған қаласында өз кәсіпкерлігін ашқан жерлесіміз – Айсұлу Таменова, аудан орталығындағы «Ынтымақ» сауда орнының иесі- кәсіпкер- Түймекүл Баймұсаева, қоғамдық ұйымның төрайымы - Гүлия Тайтелиева қажы- ханымдар демеушілік жасады.

Қажы аналардың бұл қайырымдылық ісіне ақ халатты абзал жандар да, көмек алған отбасылар да ризашылықтарын білдірді.

Ізгі іс жасау үшін дұрыс уақыт та, орын да қажеті жоқ, ізгі іс ізгі ниеттен туады.

Шардара: Жоспарлар жүзеге асырылуда
Ордабасы: Оңды істер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу