Сахнадағы сот пен сезім

Oinet.kz 13-07-2025 16

Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында үш күн бойы көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббат" драмасы сахналанды. 

Screenshot_1.jpg

Махаббат атты мәңгілік тақырып арқылы қазақ халқының қилы тағдыры мен рухани жарасын терең қозғайтын көркем қойылымға Ұлан Болатбек режиссерлік етті. Басты кейіпкерлер Бүркіт пен Бәтес адалдық пен шынайы сезімнің жолында жүйенің қатыгездігімен бетпе-бет келеді. Сахна төрінде Бүркіттің төрт күндік соты жүріп жатқанда залдағы көрермен шындық пен жалғанның жігін жүрегімен ажыратады. 

Screenshot_2.jpg

Қазақы киіз үйдің көз алдыңда тігіліп, кейіннен құлауы бір дәуірдің құлауын, бірақ, соның астарынан жаңғыруға ұмтылған рухтың үнін танытады. Сахнадағы үнсіздіктің өзі бұрмаланған тарихтың ашылмаған ақиқатын тілсіз жеткізеді.

Screenshot_3.jpg

Жауһар жазушымыздың "Мөлдір махаббат" драмасы тек қос ғашық арасындағы сезімді, сағынышты емес, ұмыт болған ақиқат пен тұтас ұлт рухының жаңғырығын көрсетті. Осылайша, үш күн аншлагпен өткен премьерамен театр маусымы жабылды.

Screenshot_4.jpg

«Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан»: «Танакөз» поэмасы қойылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу