«Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

Oinet.kz 19-09-2024 297

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бойынша жүргізілген аудит нәтижесі.

1000227284.jpg

2022 жылдың 04 ақпанындағы №112186520 төлем тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге 250 000,0 мың теңге және 2022 жылдың 16 тамызындағы №118267655 төлем тапсырмасына сәйкес 250 000,0 мың теңге, барлығы 500 000,0 мың теңге 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба – мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кепілдік беру құралы бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына (бұдан әрі –Даму қоры) жіберілген.

Аудиторлық іс шара барысында, Бюджет Кодексінің 97-бабы 3-тармағының және Бюджет кодексінің 44-бабының талаптары сақталмай Бюджетттен ішінара кепілдендіру бойынша бөлінген нысаналы трансферттер бойынша 2022 жылғы 74 953,1 мың теңге Даму қорының пайдасына алынғаны анықталды.

А.Бекжанов,

Түркістан облысы бойынша Ішкі

мемлекеттік  аудит департаментінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы

«Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімі»
«Жетісай қаласы әкімі аппараты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу