Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Б.К.Қошқарбаевтың 19.09.2023 №ЖТ-2023-01814139 арызы негізінде Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне арызда көрсетілген мәселелер бойынша жүргізілген аудит нәтижесі.
Аудиторлық тексеру барысында, Қазақстан Республикасының заңнамасы нормалары талаптарын сақталуы бойынша жалпы 388 807,0 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар 381 181,6 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар 7 625,4 мың теңге және ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабының 11-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып әкімшілік құқық бұзушылық туралы 10 хаттама толтырылды.
Мекеме тарапынан 06.12.2023 жылғы № 229-13/02-05/517 шығыс хатымен анықталған бұзушылықтар толығымен орындалып, тиісті жауапты маманға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, кемшіліктер толығымен қалпына келтірілді.
А.Бекжанов,
Түркістан облысы бойынша Ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
бас маман мемлекеттік аудиторы