«Жетісай қаласы әкімі аппараты»

Oinet.kz 19-09-2024 290

Жетісай ауданының  «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер.

image.png

Аудиторлық іс шара барысында, «Қазақстан Республикасы сәулет қала құрылысы және құрлыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-ІІ Заңының 60 бабының 1 тармағының  және Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық Кодексінің (Ерекше бөлім)   654  бабы, 1-тармағының талаптарын сақтамау салдарынан 11 965,5 мың теңгеге (ҚҚС-н) құрылыс процесінде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген ЖСҚ талаптарының сақталмауына, олардың сәйкессіздігіне жол берілгені анықталды.  Атап айтқанда, «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында балалар алаңшаларын ағымдағы жөндеу жұмыстары» бойынша ҚР ІСН 8.02-03-2021 нормативінде айқындалған Жетісай қаласында 27 тұрғын үйдің ауласында орнатылған балаларға арналған 11 965,5 мың теңгенің (ҚҚС-н)  80 дана конструкциялардың бекітілген сметалық құжаттамаларға сәйкес емес.

Сондай-ақ, Жетісай қаласында 2023 жылы балалар алаңшаларына конструкцияларды орнату бойынша жер жұмыстары, бетон жұмыстары және материалдарды пайдалану өз деңгейінде жүргізілмеген. Орнатылған конструкциялардың сапасы төмен және конструкциялардың «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификаттары жоқ. Яғни, тауарларға сараптама жасалынбаған.  

А.Айменов,

Түркістан облысы бойынша Ішкі

мемлекеттік  аудит департаментінің 

қаржылық есептілік аудиті бөлімінің 

басшысы 

«Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»
«Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу