«Әмір-Темір атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп»

Oinet.kz 19-09-2024 305

Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің «Әмір-Темір атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер.

1000227278.jpg

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Еңбек Кодексінің» 103 бабы 1 тармағының және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысымен бекітілген 2-қосымшасының талаптары сақталуына аудит жүргізу барысында 2023 жылдың 01 қаңтарынан 2024 жылдың 01 наурызы аралығында нақты қолға тиесілі еңбекақыдан (кезекті еңбек демалысы және өтемақы төлемдерін қоспағанда) жалпы сомасы 15 973 505 теңге негізсіз артық аударылғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V Заңы 5-бабының 1, 2 тармақтарының және 25 бабының талаптары негізінде міндетті түрде орындалуға жататын 24.07.2024 жылғы №06-16/3207 шығыс хатымен нұсқама жолданып, Мекеме тарапынан негізсіз артық аударылған барлығы 15 973 505 теңге қаржын жергілікті бюджеттің 206109 шотына толығымен өтелді.

Г.Сихимбаева,

Түркістан облысы бойынша Ішкі

мемлекеттік  аудит департаментінің

бас маман - мемлекеттік аудиторы

«Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
Мемлекеттік сатып алулардағы заңсыздықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу