Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер.
Аудиторлық іс шара барысында, «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 95-IV «Бюджет кодексінің» 97 бабының 6 тармағының «Мемлекеттік мекеме: төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;... қамтамасыз етеді.» талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 215 тармағы, 7) тармақшасының талаптарын сақтамау салдарынан 2020-2021 жылдары Түркістан қаласындағы «Этноауылдың салтанатты ашылу» рәсімдері іс-шаралары мен «Түркі кеңесінің бейресми саммиті» шеңберінде Этноауыл-Галереясын тақырыптық ресімдеу бойынша іс-шараны өткізу және ұйымдастыру, техникалық қамтамасыз ету, интерактивті іс-шараларды ресімдеу, жөніндегі қызметтер бойынша іс шаралар пандемияға байланысты өтпеседе 58 499,6 мың теңге негізсіз аударылғаны анықталды.
С.Нурлыбаев,
Түркістан облысы бойынша Ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
қаржылық есептілік аудиті бөлімінің
бас маман – мемлекеттік аудиторы