Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігінің «Сауран қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын сақталуына «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудиторлық іс-шара жүргізілген.
Нәтижесінде, ҚР Азаматтық кодексінің 152 бабы 1 тармағы 2-тармақшасы «Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;» 2-тармақшасында «заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиiс.» деп көрсетілгенімен өзара келісім шарттар жасалмай жеке кәсіпкерлерге алынбаған туарлы материалдық құндылықтар үшін 5 163,0 мың теңге аударалғандығы анықталған. Бұл ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет кодексінің 97 бап, 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 215-тармағының 6-тармақшасының, мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді деген талабы сақталмаған.
Б.Шегебаев,
Түркістан облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудиті бөлімінің
бас маман-ассистенті