Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Oinet.kz 18-06-2023 3119

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен  2023 жылдың мамыр айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №61086254 «Жылыту жүйесін шаю және қысыммен тексеру бойынша қызмет көрсетулер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы А.Панай

"Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу