"Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Oinet.kz 18-06-2023 585

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың мамыр айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №57584651 «Табиғи газ» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 27-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы А.Панай

"Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу