Түркістан облысында 26 адам қамауға алынды

Oinet.kz 04-04-2020 1069

далбек.jpg

Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған 26 адам қамауға алынды. Бұл туралы өңірдегі күшейту шараларын түсіндірген облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

– Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеуге, облыс аумағында қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда азаматтарды жауапкершілікке тартуға, қылмысқа жол бермеуге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасайды. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері облыс полицейлері 84 төтенше жағдай режимін бұзушылықты анықтады. Азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес "төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 26-сы әкімшілік тәртіпте қамауға алынды. Облыс тұрғындарын шектеу шараларына түсіністікпен қарауға, төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауға және аса қажетсіз үйден шықпауға шақырамын, – деді Қайрат Дәлбеков.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, өңірде полицейлер жалған ақпарат таратудың 9 жайтын анықтады. Олардың барлығы дер кезінде ашылып, күдікті адамдар анықталып, Қазақстан республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.



Полиция арызданған әйелдің ұрланған «соткасын» тауып берді
Түркістан облысының полицейлері бірнеше үйді тонаған ұрыларды ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу