Түркістанда «Бір ауыл—бір өнім» көрмесі өтті

Oinet.kz 19-08-2024 42

4.jpg 

Түркістан қаласы Ясауи кесенесі маңындағы Этноауыл кешенінде облыстың 40-қа жуық кәсіпкері өз өнімін көпшілік назарына ұсынып, өзара мықтыны анықтады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдерімен қатар, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері отандық тауар өндірушілердің өнімдерін бағалап, үздіктерді анықталды.

Көрме-жәрмеңке «Мен Кәсіпкермін» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты — кәсіпкерлерге өз өнімдерін экспортқа шығаруға көмектесу. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбековтің айтуынша, ең мықты 3 кәсіп иесі аймақ атынан республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданынының құрылғанына 60 жыл толуына орай Қарақұм ауылында «Ауылым - алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Шарада-ауылшаруашылығы өнімдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Сонымен қатар, жиында ұлттық салт-дәстүр кеңінен дәріптеліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға сый-құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, ауыл өнерпаздары көрермендер назарына әннен шашу шашып, тарихи қойылымдарды ұсынды. Шара аясында ауыл ардагерлері даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың кесенесіне барып, дұға бағыштады.


«Өнерлі өлке»: Кезек келестік өнерпаздарға келді
Түркістан облысында «Сұңқар» акциясы өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу