Түркістан: Жиын-терім науқаны мерзімінде аяқталады

Oinet.kz 07-08-2023 127

29.jpg 

Биыл Түркістан облысында 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірде астық ору науқаны қызып тұр. 263,8 мың гектарға егілген астықтан 464,5 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтілуде. Бүгінгі күнге жаздық дақылдардан 200 мың тоннаға жуық көкөніс, 70 мың тоннадан астамкартоп, 170 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды. Жыл соңында 4,1 млн тонна мал азығын жинау жоспарланып, 3,5 млн. тонна (82%) мал азығы дайын. Жиын – терім жұмыстары толығымен мерзімінде аяқталатын болады. Күзгі дала жұмыстарының барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте баяндалды.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспановтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 9,7 мың га артып, 129,1 мың гектарға, мал азығы 6,7 мың га артып, 227,7 мың гектарға жеткізілген. Майлы дақылдар керісінше, 6,3 мың га қысқартылып, 73,5 мың гектарға, мақта дақылы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 мың га қысқартылып, 111,4 мың гектарға орналастырылған.

Облыс әкімі күзгі егін жинау науқанын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Мақта бағасы бойынша мақта өндеуші зауыттардың басшыларымен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді. Биылғы күзгі егінді жинау жұмыстарымен қатар, келесі жалдың көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастаудың қажеттігін айтқан өңір басшысы минералды тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз ету, озық агротехнологияларды енгізу бойынша да бірқатар тапсырмалар берді.

Жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 33,7 мың тн. жанар-жағар май бөлініп, тауар өндірушілерге босатылуда. Сонымен қатар агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, 500 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50%-ын субсидиялауға 6,5 млрд теңге, пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 372 млн.теңге, тұқымының шаруашылығын қолдауға 600 млн. теңге қаржы бөлініп, 15 мыңға жуық агроқұрылымға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Аппарат отырысында сондай-ақ мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Саланы дамыту бойынша облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен апта сайын мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысы баяндалады. Аймақ басшысы білім ұйымдарының оқу жылына 100 пайыз дайын болуын тапсырды.


«Ауыл аманатына» талдау жүргізілді
«Біздің басты құндылығымыз – руханият пен мәдениет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу