Сервистік тәсілдің тиімділігі талқыланды
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді енгізу бойынша Түркістан облысының тәжірибесімен танысу мақсатында өңірге Алматы қаласы ІІМ Академия құрамы келді. Олар Түркістан облысы әкімдігінде өткен облыс әкімінің өкімімен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың отырысы қатысты. Кездесуге сондай-ақ Түркістан облысының полиция департаменті құрылымдарының қызметкерлері, қала, аудан әкімідерінің жауапты орынбасарлары және ведоствоаралық сервистік топ мүшелері атсалысты. Пилоттық жоба аудан, қалаларда жүзеге асылыруда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосуда жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, кемшіліктер ортаға салынды. Оларды шешу жолдары қаралды. Жалпы қатысушылар өңірде жүзеге асып жатқан жаңа жобанының барысына оң баға берді.
Сервистік тәсілдің жүзеге асырылуы облыс әкімінің тұрақты бақылауында. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында нақты тапсырмалар жүктелді. Нәтижесінде 17 аудан, қала әкімдіктерінде сервистік модельдің жұмысын үйлестіру бойынша сапалы жұмыстар атқарылып келеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Сервистік модельді дамытудың негізгі бағыттары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қадамдық қолжетімділік, сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдану болып табылады.
Ведомствоаралық топпен шетелдік озық тәжірибелерді қолдана отырып, сканерлеу, талдау, бағалау, шара қолдану секілді төрт кезең бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар сервистік моделді жүзеге асыруда негізгі үш векторлары бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтарға ықпал еткен себеп - салдарын жою, халықпен серіктестік пен ашықтық орнату және қолжетімді полиция.
Кеңесте Түркістан ҚПБ бастығы Б.Жанаев биылғы жылдың 6 айындағы талдау қорытындысымен бөлісті. Айтуынша, осы уақыт аралығында тіркелген 9776 шақыртулардың көбі аптаның бейсенбі және сенбі күндері тіркелген. Шақыртудың басым көпшілігі қала орталығы мен халқы тығыз орналасқан аумақтардан түскен. Жалпы тіркелген 331 қылмыстың басым бөлігі түнгі мезгілде орын алған. Қылмыстар көңіл көтеру орындарында, базарлар мен дүкендерде орын алғаны анықталды.
- Түркістан қаласындағы 1500 кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізіліп, кәсіп иелері бейнебақылау камераларын құрып, күзет қызметтерімен келісімшарт жасады. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қаладағы қоғамдық көліктер ішкі және сыртқы бейне бақылау камераларымен қамтылды. Нәтижесінде қылмыстар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 37,1 пайызға төмендеді. Қоғамда өзекті болып тұрған алаяқтық қылмыстары бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 6 айда 44,8 пайызға төмендеді. Интернет алаяқтық қылмыстары 22,5 пайызға төмендеді,- деді өз сөзінде Түркістан ҚПБ бастығы Б.Жанаев.
Учаскелік полиция инспекторларының тұрғындарға қолжетімді болуын қалыптастыру мақсатында, Түркістанда 11 учаскелік полиция пункттерін салу жоспарлануда.
- Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі. Сервистік модельді енгізу тығыз өзара іс-қимыл арқылы нәтижеге қол жеткізілетінін ескере отырып, жаңа модельді дамыту қоғамның және барлық мүдделі тараптардың қатысуын талап етеді. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа негізделген сервистік модель барлық проблеманың әмбебап құралы болып табылмайды, алайда қоғаммен сындарлы диалог құрудың сенімді құралдарының бірі. Полиция мен халық қатар әрекет етіп, жұдырықтай жұмылғанда ғана, біз қауіпсіз қоғамды құра аламыз,-деді ол .
Мұндай топтың болуы тұрғындар үшін тиімді. Өйткені олар полиция ғимаратына бармай-ақ, осы жақта полиция мен әр саладан бірлескен мамандардың көмектеріне жүгіну арқылы мәселелерін тез шешуіне болады. Полицияның күнделікті қызметінен бөлек, бұл топ халықпен өте тығыз байланыста жұмыс жасайды.