Түркістан: 798 ауылдың Бас жоспары жасалған

Oinet.kz 29-07-2023 377

33.jpg 

2023-2024 жылдары аралығында Түркістан облысының 6 елді мекенінің Бас жоспары бекітіледі. Олар Қазығұрт, Сарыағаш және Сауран аудандарында орналасқан. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның барысы бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында талқыланды.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде  833 елді мекен бар. Қазіргі таңда 798 елді мекен Бас жоспармен қамтылған. Сонымен қатар облыста халық саны 50 адамға жетпейтін 29 елді мекен бар.

– Қай ауданда қандай проблемалар бар, осыны анықтау маңызды. Елді мекендердің Бас жоспарына сол ақпараттарды толық енгізу қажет. Бұл өте маңызды. Елді мекендерді дамыту барысында осы мәліметтерге сүйену керек. Қандай жоба қолға алынса да, Бас жоспарға бағынуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Талдау жұмыстары барысында кей аудандарда сызбалардың нормативке сәйкес келмеуі, топотүсірілімдер мен инженерлік желілердің болмауы секілді бірқатар кемшіліктер анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Құжат Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілуі тиіс.


«Өнерлі өлке»: Кентаудың мәдениет күндері басталды
Заңсыз карьерлер жабылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу