Сарыағаш: Апатты көпірлер жөндеуден өтеді

Oinet.kz 28-07-2023 247

19.jpg 

Елімізде 2021 жылдан бері жүзеге асып жатқан  «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері Ұлттық жобасы аясында базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру көзделіп отыр. Осы мақсатта Сарыағаш ауданында бірқатар жобалар қолға алынуда.

Ауданда биыл апатты жағдайдағы 3 көпір ағымдағы жөндеуден өткізіледі.  Атап айтсақ, Жемісті ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар Жемісті-А2 автомобиль жолының бойында орналасқан көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарыпынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын биылғы қазан айына дейін аяқтап, тұрғындар игілігіне пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, биыл тамыз айында 2 көпір ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, Сарыағаш қаласындағы Созақ көшесінде орналасқан Кескент каналының үстінен өтетін көпір және Әлімтау ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар Әлімтау-Тасқұдық автомобиль жолының бойында орналасқан көпір бар.

Бүгінгі таңда көпірлерді жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды.


Мемлекеттік бағдарламаның арқасында наубайхана ашты
Төлеби ауданында Оқушылар үйі салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу