Аяқсыз қалған жобаларға талдау жасалды
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде бюджет қаржысына басталып, әртүрлі себептермен аяқсыз қалған жобаларға талдау жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басым бөлігінің құрылысы басталмай, құжат күйінде қалған. Бірқатары демеушілер есебінен жүзеге аса бастаған. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан созылған құрылыс нысандарына қатысты істер сотта қаралуда. Бұл нысандарды толық аяқтау қыруар қаржыны қажет етеді.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте проблемалық нысандардың жай-күйі талқыланып, бюджет есебінен әзірленіп жатқан жобалық-сметалық құжаттамалар мен инженерлік инфрақұрылыммен (ауыз су, табиғи газ, электр қуаты) қамтамасыз ету барысы туралы баяндалды. Өңір басшысы ең өзекті деген жобалардың жүзеге асуына басымдық беруді тапсырды. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандар, яғни, ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен қамтамасыз ету нысандарының құрылысына күш салынады. 2018 жылдан бергі жобаларды жүзеге асыру туралы тапсырма берді.
– Әлеуметтік саланы дамыту – басым бағыттардың бірі. Проблемалық нысандардың ішінде халыққа қажеттісін, су, жарық, жолмен қамтуды бірінші шешуіміз керек. Оларды жүзеге асыру жолдарын белгілеуіміз қажет. Халық игілігі үшін басталған жобалар уақытылы пайдалануға берілсін. 2025 жылға дейін облыс түрғындары таза ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілуі тиіс,–деді облыс әкімі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков басқарма тарапынан аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе құрылған жұмысшы топ жүргізген мониторинг нәтижесін баяндандады. Мониторинг жұмыстарының қорытындысымен, облыстың әрбір елді мекенінің инфрақұрылыммен қамтылуы бойынша төлқұжаты әзірленуде. Басты мақсат – елді мекендерді ауыз сумен, сапалы электр қуатымен, табиғи газбен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету. Маңызды жұмыс барысын толық бақылау. Басталған жобаларды аяғына жетізіп, ел игіліне беру.