Келесте екі ауылға газ келді
Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы жасалған болатын.
Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Түркістан облысы Келес ауданындла бірқатар игі істер жүзеге асуда. Жуырда аталған аудандағы Бәйтерек және Жамбыл-2 елді мекендерінің тұрғындарына көгілдір отын берілді.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев және «ҚазТрнасГаз Аймақ» АҚ компаниясының бас директоры (Басқарма төрағасы) Бауыржан Асқаров қос ауылдағы тұрғындардың қуанышы ортақтасып, ізгі лебізін жеткізіп, газ құбырын салтанатты түрде ашты.
- Мемлекет басшысы ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын ұсынып, аудан, ауылдарды дамытуға тапсырма берген болатын. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында, аудан тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр. Бұған дейінгі есепті кездесуде ауыл халқының көтеріп жүрген ең өзекті мәселесі ауылға көгілдір отын тарту болатын. Бүгінгі қуанышты жаңалығымыздың бірі – Қошқарата ауылдық округінің Бәйтерек және Жамбыл-2 елді мекендеренің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияларға және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан Өндірістік Филиалына алғысымды айтамын, - деді аудан басшысы.
Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары, тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, ел қамы жолында еңбектеніп жүрген азаматтарға ризашылықтарын жеткізді. Қуанышты жиын Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны Қалампыр Кенжебаеваның шаңырағында жалғасты. Онда аудан басшысы мен «ҚазТрнасГаз Аймақ» АҚ компаниясының бас директоры тұрғынның шаңырағына келіп тұрған көгілдір отынды жағу рәсіміне қатысты.
Қазіргі таңда, Аманжар Жамбыл-1, Жанақоныс, Бесауыл, Алғабас, Мақташы, ауылдары көгілдір отынға қосылса, бүгіннен бастап Бәйтерек және Жамбыл-2 ауылдарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көрмек. Таяу күндері Қарабура елді мекені газбен қамтамасыз етіліп, жалпы 1701 үй от жағу бейнетінен құтылады. Жыл аяғына дейін ауданда көгілдір отынға қол жеткізу көрсеткіші 76,6 пайызға жетпек.