«Ауыл -ел бесігі»: Мақсат инфрақұрылымды жақсарту

Oinet.kz 20-07-2023 247

4.jpg

Түркістан облысы Сауран ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде орналасқан Достық-2 көшесінде 1,1 шақырымдық жол, Достық-4 көшесіне 0,8 шқ аяқ жол мен автожол салынып ел игілігіне берілді. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Ескі Иқан елді мекенінде Салауат көшесіне 0,8 шақырымдық жол, Әуезов көшесіне 0,55 шақырымдық жол, Сұлтанқожа көшесіне 1,1 шақырымдық автожолы салынап тұрғындардың қолдануына берілгендігін хабарлаймыз.

“Ауыл – Ел бесігі” жобасының басты мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру бойынша шаралар іске асыруды көздейді.

Сонымкен бірге аудандағы Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл елді мекенінде орналасқан Қонаев көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары басталды. 0,96 шақырымды құраған көшенің қиыршық тас төсеу жұмыстарын Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы Самат Алтынбайұлы арнайы барып, қадағалады. 

Атқарылған жұмыстардың барлық талаптарға сәйкестігі бөлім тарапынан толық бақыланатын болады. Шілде айының 27-не дейін қиыршық тас төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Елді мекеннің басқада көшелерін реттеу жұмыстары алдағы уақытта қолға алынады.


Түркістан облысындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды
Шардара: Жол құрылысы қарқын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу